
Семей қ.ТЖБ қызметкері оқушылар арасында ZOOM режимінде "Улы газбен уланудың алдын алу" тақырыбында кезекті интерактивті сабақ өткізді.
Пандемия кезеңінде балалар онлайн режимде оқып, үйде болғанда, ал көптеген үйлерде пешпен жылыту болса, отбасылық жағдайларға байланысты кейде балалар ата-анасыз үйде жалғыз қалады, балалар үшін улы газбен улану қаупі туралы білім қажет.
Сабақта улы газбен улану себептері, улы газбен улану белгілері, шұғыл қызметтердің телефондары және дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндірілді.
Улы газбен уланудың алдын алу бойынша сабақта алған білімдерін балалар ата-аналарымен бөліседі деп үміттенеміз.
Семей қ. ТЖБ ЗҚҚАжАҚСББ инженері Манат Байсакалов