
ШҚО ТЖД мен Өскемен қаласы ТЖБ құтқарушылары қыс кезіндегі сырғанақ тебу орындарын тексеріп қайтты. Оның көбісі қауіпсіз болмай шықты. Мәселен Өскеменнің өзінде ғана 2 учаске анықталды, оның бірі Согра кентіндегі 9 шақырымда бала-шаға жолдың бойындағы биік төмпешіктерден сырғанап жүр, Шешек асуындағы жағдай да осындай. ТЖ мамандары ата-аналардың балаларына қауіпсіздік шараларын түсіндіруде тиісті көңіл бөлмейтіні алаңдатады.
Проблеманың мән-жайын іс жүзінде көрсету үшін құтқарушылар өздері стьюбқа отырып сырғанап көріп әп-сәтте-ақ жарақат алып немесе жол-көлік оқиғасының себепкері болуы мүмкін екендігін көрсетті.
Мысалы, 2020 жылдың қаңтарында Бесқарағай ауданында екі бала көлікке байлап алған резеңке баллонмен сырғанап жүргенде көлік келе жатқан қарсы бетке шығып кетіп, баллон көліктің астына кіріп кеткен болатын.
Профилактикалық рейд нәтижесінде ШҚО ТЖД және Өскемен қаласы ТЖБ мамандары азаматтардың назарын мына бұзушылықтарға аударады:
Балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік жадынамаларын таратып, ал ата-аналарға кеңестер берілді.
ШҚО ТЖД сырғанау кезінде мына ережелерді сақтауды ұсынады:
Осындай қиын емес ережелерді сақтай отырып сізз өзіңіз бен маңайыңыздағылардың жарақат алып қалмауына ықпал етесіз.
ШҚО ТЖД Баспасөз қызметінің ақпараты