
03 желтоқсанда Прииртышский кентіндегі екі қабатты төрт пәтерлі үйдің 2-қабатында өрт шықты. Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жедел келді, олар дәліз үй-жайында есік блоктарының ағаш конструкциялары, бөлме үй-жайында жеке заттар, жиһаз, төбе жабындары мен үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндіру барысында құтқарушылар Ернар Қарамұрзин, Әсет Жүнісов, Дәулет Тұрлыханов, Асқар Төкенов, Руслан Ержанов жанып жатқан ғимараттан көлемі 27 литр болатын 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 35 шаршы метр өртті сөндірді.
Өрттің алдын ала нұсқасы - жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
ШҚО ТЖД мамандары адам қауіпсіздік шараларын сақтау жауапкершілігін түсінуі және сезінуі тиіс екенін атап өтті. Сіздің мүлікіңіз бен өміріңізді қорғау үшін келесі ережелерді сақтауыңыз керек:
- Алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы;
- Пештерді пайдалану кезінде ережелерді сақтау, құтқарушылардың ұсынымдарына сәйкес бұзушылықтарды жою;
- Отпен абай болыңыз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің акпараты