Преображенка ауылында тұратын жалғызбасты тұрғынға көмек

Преображенка ауылында тұратын жалғызбасты тұрғынға көмек

Желтоқсан айының мереке күндері қарсаңында Көкпекті аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ 33-ӨСБ қызметкерлері Преображенка ауылына келіп жалғыз тұратын қарт адамның үйіне адал ниетпен барды. Бұған дейін қазан айындағы аула аралаулар жүргізу кезінде аға лейтенант М. Бакенов бұл үйді жадында сақтап қалған, өйткені осы үй иесінің айтуынша ол 5 жылдың көлемінде от жағатын пешін күйеден тазартпаған. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай пешті күйеден тазартуды жылыту маусымының алдында және 3 ай сайын бір рет тазартып отыру қажет. Бірақ өмірде болатын жағдайларға байланысты бұл кісі бұл шараны жасай алмай өзін улы газбен уланып қалу қаупіне бой алдырған. Аға лейтенант  Аусеханов Дулат, лейтенант Сатыбалдинов Айдос және Толеуханов Төленді біріге отырып, пештің құдықтарын ашып, 6 шелек күл алып тазартып, біраз уақытқа дейін тұрғынның үйін қауіпсіз жағдайға келтірді. Сонымен қатар, тұрғын үй иесімен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық жүргізілді.

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, тұрғын үйдің қауіпсіздігі тұрғын үй иесінің жауапкершілігінде.

Тұрғын үй иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз

Көкпекті аудандық ТЖБ