Газдың ауамен қоспасы – жарылыс қауіпті

Газдың ауамен қоспасы – жарылыс қауіпті

2013 жылдан бастап 2020 жылғы қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысы аумағында газ баллондарын пайдалануға байланысты жарылу мен өртенудің 23 фактісі тіркелді, оның ішінде:

       - 12 өрт (жарылусыз);

       - 7 ары қарай өрттің шығуымен болған жарылу;

       - 4 өрттің шықпауынсыз болған жарылу;

Жарылу мен өртенудің нәтижесінде  4 адам қайтыс болды (2013 – 2, 2014 – 1, 2019 – 1) және 17 адам жарақаттанды (2013 – 2, 2014 – 6, 2017 – 1, 2018 – 2, 2019 -5, 2020-0).

Газ баллондарға байланысты жарылу мен өртенудің негізгі себептері пайдалану кезіндегі бұзушылықтар, сонымен қатар газ плиталарының, патрубкалардың ақаулықтары болып табылды.

Жасалған талдау бойынша газ баллондарға байланысты жарылу мен өртенулер, ең біріншіден тұтынушылармен газ және газбен қамту, өрт және өндіріс қауіпсіздігі саласындағы талаптарды қолданбау салдарынан болады.

Екіншіден, халықтың көп бөлігі газ баллондарының куәландырудан өту қажеттігі және газжелілік ұйымдар мен газбен толтыру пунктері иелерінің міндеттері туралы ақпаратталмаған.

Үшіншіден, автогазқұю станциялары иелерімен (АГҚС) «Газ және газбен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзушылығы болып табылатын тұрмыстық газ баллондарын толтыру жүзеге асырылуда. 

Газ баллондарын пайдалануға байланысты өрттерді алдын алу мақсатында Бөліммен тұрақты түрде халықпен алдын алу жұмысы жүргізіледі, оның барысында халыққа келесі ережелер түсіндіріледі:

- газ баллондары мен газ жабдығын тек қана осы өнімді іске асыруға сертификаты бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алу. Себебі жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қауіпсіз пайдалану мен оларды тиісті деңгейде ұстау үшін жауапкершілікті олардың иелері артады. 

- Еш уақытта газ құралдарын, соның ішінде газ баллондарын бөтен тұлғалардан сатып алмаңыздар.

- Газ жабдығын міндетті түрде жыл сайын мамандарға тексертіңіз.

- Плитадағы газ кранын ашпай тұрып тұтанған сіріңкені оттыққа апарып көріңіз.

- Газ ауамен араласқанда жарылу-өртену қаупі бар екенін естен шығармаңыз!

- Өртену көзі: ашық от (сіріңке, темекі және т.б.), электр құралдарын қосу кезінде пайда болған электр ұшқыны болуы мүмкін.

Бесқарағай ауданының ТЖБ