
ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе кемесінің ұшқыштары Евгений Гончаров, Леонид Калеканов және Ержан Әмірканов ер адамды құтқару мақсатында Өскемен - Үлкен Нарын - Өскемен бағыты бойынша шұғыл санитарлық рейс орындады.
Бортта науқастың жағдайын санитарлық авиация дәрігерлері Рустам Мұқажанов пен Татьяна Сергеева бақылауда ұстады. Ұшу сәтті өтіп, науқас облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Осындай әрбір ұшудың артында дәрігерлердің кәсібилігі, ұшқыштардың шеберлігі, әуе кемесін сенімді басқаруы және жедел әрекет етуге дайындығы тұр.
112 - әрдайым қасыңызда.