ШҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары үсік шалу белгілері бар зардап шегушіге көмек көрсетті

ШҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары үсік шалу белгілері бар зардап шегушіге көмек көрсетті

1 желтоқсан күні кешкі сағат 19.55-шамасында құтқарушыларға  Глубокое ауданындағы Ульба-Перевалочная ауылындағы тұрғыннан көмек сұрағаны туралы қоңырау келіп түсті. 1980 жылы туған ер адам аяқ-қолын үсітіп алып, өз бетімен ауруханаға жете алмаған екен, ал жедел жәрдем зардап шегушінің үйдің жетуі қиын жерде орналасқандығынан бара алмаған.

         ШҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары шақыру орнына жеткен соң оны жылытылмаған, электр тогы да жоқ үйден тауып алған. Ер адамның қолының үсіп қалғаны көрініп тұрған, оның айтуынша ол осы суық үйде 3-4 күн болған екен. ШҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары оны зеңбілге салып, арнайы көлікке салып, Жедел жәрдем көлігі тосып тұрған жерге апарып дәрігерлерге табыстады.

         ШҚО ТЖД тұрғындарға аязды күндері үсіп қалмас үшін мына шараларды орындауды ұсынады:

  • «Қырыққабат» принципі бойынша киініңіз: жылы және бірнеше қабат. Киім мен аяқ киім қыспауы керек, бос жер болуы тиіс. Аяқ киімнің табаны қалың болсын.
  • Ішімдік ішпеңіз. Алкагольдік масаю жылуды жоғалтуға ықпал етеді.
  • Аязда шылым шекпеңіз. Бұл қан айналымын баяулатады және сол себепті аяқ-қол тоңуы мүмкін.
  • Аязды күні алтын және күміс әшекей тақпаңыз, металл адам денесіне қарағанда жылдам суып кетіді және саусақтағы сақина қан айналымын қиындатады.
  • Аязға қолғапсыз шықпаңыз. Қол әрқашан да қорғалуы тиіс.
  • Желден қорғаныңыз. Желді күні үсік шалу мүмкіндігі артады.
  • Осылармен қатар қимылдаңыз, қол-аяқтағы саусақтарды қозғалтыңыз, осылайша қан айналып ағзаңызды жылытуды бастайсыз.
  • Суықтан қорғанатын пана табыңыз.

 

Біз ештеңе сезбестен ақ суықта қалай зардап шегуіміз мүмкін?

  • Аялдамада ұзақ уақыт бойы көлікті күту;
  • Сапасыз және аяқты қысатын аяқ киім;
  • Аязды күні бас киімсіз жүру.

Төтенше жағдай кезінде 112-ге қоңырау соғыңыз

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты