
ШҚО ТЖД және Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері өзгеше автоакция өткізді. Қалалықтар мен қала қонақтары көп жиналатын автокөлік базарларында құтқарушылар көлік иелеріне өрт қауіпсіздігінің ережелері бойынша түсіндірме нұсқаулықтар өткізді. Шара кездейсоқ өткізілген жоқ, Шығыс Қазақстанда 2020 жылдың басынан бері көлікте шамамен 174 өрт болған.
Құтқарушылардың айтуынша көліктің барлығында өрт сөндіргіш болмаған немесе ол жарамсыз күйде болды. Азаматтар өз мүлкінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайды, кейде өздері де өрттің шығуына себепкер болып жатады, яғни көлікті жылыту үшін қыздыру шамдарын қосады, моторды киізбен жабады, ол қызған кезде түтіндене бастайды, сондай-ақ уақтылы техникалық тексеруден өтпейді. Көліктердегі өрттер оқиғасын тоқтату мақсатында ТЖлықтар әр көлік иесіне кеңес беріп, шұғыл телефон нөмірлері 112, 101 көрсетілген хош иістендіргіш таратты және өрт сөндіргішті пайдалану бойынша шеберлік сағатын өткізді.
ШҚО ТЖД мынаны ескертеді:
ШҚ ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты