Көрінбейтін қауіп - улы газ

Көрінбейтін қауіп - улы газ

Салқындаудың басталуымен, пештегі улы газдан улану салдарынан болатын оқиғалар саны артады. 2020 жылғы жылыту маусымы басталысымен, қазіргі уақытқа дейін Семей қаласында улы газбен уланудан 12 адам зардап шекті, оның ішінде 4-і балалар, бір адам қаза тапты. Осы жағдайларды азайту үшін құтқарушылар пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының алдын алуды жандандырды, жылыту маусымының басынан 29 000-нан астам тұрғын үйге барды,  150 үйлерде улы газ датчигі орнатылды. Рейд барысында 6008 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды.

ТЖ қызметінің мамандары нұсқамалар өткізеді және қауіпсіздік шаралары егжей-тегжейлі көрсетілген тұрғын үй иелеріне түбіртек - ұсыныстар береді, БАҚ-та ақпарат орналастырады, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне халықтың назарын аудару бойынша акциялар ұйымдастырады, алайда, үй иелері жол берген бұзушылықтар бұрынғысынша жазатайым оқиғаларға алып келеді.

Мәселен, 2020 жылдың 02 желтоқсанында Семей қаласының Лесотарная көшесінде бірден 2 тұрғын, 1954ж. және 1960ж. туылған адамдар улы газбен уланған. Дәрігерлер тексергеннен кейін олар қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның себебі пеште тартылыстың болмауы анықталды.

ШҚО ТЖД азаматтардан бұзушылықтарды дер кезінде жоюды, ақауы бар пешті жақпауды және түтін мұржаларын жаппауды сұрайды. Улы газбен улану білінбейді. Ингаляция кезінде көміртегі тотығы қаннан оттегін шығарады, тіпті ауадағы СО-ның аз пайызы улануға әкеледі, ал жоғары концентрацияда өлім бірнеше дем алғаннан кейін пайда болуы мүмкін.

Улы газдан қорғаудың тәсілі, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау, атап айтқанда:

- қатты отынмен жұмыс істейтін пештерді пайдалану кезінде түтіндікті жаппаңыз, қалыпты тартуды қамтамасыз етіңіз;

- мұржадан жиналған түтін массасынан үнемі тазалап жүру (кем дегенде 2 айда бір рет);

- жанып жатқан жылыту пештерін қараусыз қалдыруға болмайды;

- жылыту пештерін оттықтан тыс шығатын отынмен жақпау;

- пештегі түтіндіктерді уақытылы жөндеу.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі