
«Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ базасында ШҚО ТЖД құтқарушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған он-лайн режиміндегі кітаптардың көрмесі өтті. Көрмені үйден шықпай-ақ, ШҚО ТЖД Инстаграмм ресми парақшасында тікелей эфирді көру арқылы тамашалауға да болады.
Басылымдардың ішінде Қазақстанның 30 - дан астам кітабы ұсынылды, олар Тұңғыш Президентті саясаткер және ел басшысы ретінде ғана емес, ол үшін кітап білім көзі болып табылатын қарапайым адам ретінде таныстырды.
«Мен оқығанды ұнатамын және оған әрқащан уақыт табамын. Бір күн-жексенбі, мен жұмыс жасамауға тырысамын және кешке оқуға тырысамын», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. «Бір кітапты аяғына дейін оқып, басқасын бастауыңыз керек, тек осылай ғана өз ісіңізде жетістікке жете аласыз».
Елбасы әлемдік классика жауһарларына ерекше орын береді. Бұл философия бойынша еңбектер, мысалы, Луций Анней Сенеканың, Франклин Рузвельттiң, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары, сондай-ақ Көрнекті адамдардың өмірі сериясындағы кітаптар.
Кітаптың Елбасы үшін – оның жарқын және көп қырлы тұлғасы, Ұлт көшбасшысы ретінде қалыптастыруға ықпал еткен ең жақын досы әрі ұстазы болғаны маңызды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі