Ерекше адамдарға арналған концерт

Ерекше адамдарға арналған концерт

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні шеңберінде ШҚО ТЖД құтқарушылары үрмелі оркестрмен бірге  ерекше адамдар үшін мереке ұйымдастырды. Онлайн режимінде карантиндік шараларды сақтай отырып қажеттіліктері ерекше адамдарға музыкалық концерт ұйымдастырылды.

«Алтын-Ай» мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігіндегі адамдар үшін осындай концерттік шара бірінші рет емес. «Қазақстан Республикасы Президентінің күні қарсаңында осындай шара өткізу, адамдарға қуаныш пен жылулық эмоция сыйлау біз үшін дәстүрге айналды» - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Музыкалық концертте шамамен 30-дай адам қатысты. ШҚО ТЖД оркестрі патриоттық музыкалық композициялар ойнады.

«Азамдар өздерін көмексіз қалмағанын сезіну үшін олардың өміріне белсене араласу маңызды. Үнемі барып жағдайларын білу, әңгімелесу, қол ұшын созу. Бізде осындай дәстүрдің қалыптасқаны қуантарлық. Елбасы айтқандай халыққа ашық болып, мейірбандылық таныту, әсіресе оған мұқтаж адамдарды қаперден шығармау ең бастысы» - дейді ШҚО ТЖД құтқарушылары.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты