Жаңа форма. Жаңа мүмкіндіктер

Жаңа форма. Жаңа мүмкіндіктер

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары отандық өндірістің жаңа жауынгерлік киімімен жабдықталды.

Арнайы киім құтқарушылар жұмысының ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленген. Ол өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік, жайлылық пен еркін қимылдауды қамтамасыз етеді.