
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығына қол қойылды, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау тоқтатылды.
2020 жылғы 25 қарашада Семей қ.ТЖБ қызметкері ҚР Үкіметінің 25.09.2014 жылғы № 1017 "Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі" қаулысына сәйкес объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді құру бойынша объектілердің өкілдерімен бейнеконференция режимінде Online дөңгелек үстелін өткізді.
Бейнеконференция өткізу барысында тыңдаушыларға азаматтық қорғау саласындағы негізгі талаптар, сондай-ақ заңнамалық нормативтерге өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік емес өртке қарсы Қызметке жүктелген негізгі міндеттер жеткізілді.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасуға міндетті.
Сондай-ақ, Ережеге сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат болған кезде қызметті жүзеге асыратыны туралы мәлімет берілді.
Семей қ. ТЖБ АҚСҚҚАжБТ бас маманы Болат Агиманов