Квест жайындағы өрт кезінде құтқарушылар 27 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5-уі бала

Квест жайындағы өрт кезінде құтқарушылар 27 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5-уі бала

24 қарашада түнгі сағат бір шамасында Протозанов көшесінде төрт қабатты тұрғын үйде орналасқан, 2020 жылдың наурызынан бері жұмыс істемейтін, Квест клубының жайында 4 қабатты тұрғын үйдің жертөле жайында өрт шықты. Өрт сөндіру қызметі келген кезде кіретін есіктің ағаш құрылымдары, қалқалар, жеке заттар, тұрмыстық техника өртеніп жатты. Құтқарушылар бірінші кезекте, қауіпсіздік мақсатында үйде тұратын 27 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады және "Вахтовка" жылы автокөлігіне орналастырды. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 6 ш. м. өртті сөндірді.

Өрттің алдын ала себебі электр жабдықтарын жөндеу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды және бұзушылықтарды уақтылы жоюды еске салады. Электр сымдарының жағдайын бақылау қажет.

Өрт кезінде 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

 

ШҚО ТЖД баспасөз-қызметінің ақпараты