
18 қарашада Семей қаласының Қарағайды шағын ауданында 09 сағат 45 минутта салынып жатқан 9 қабатты үйде өрт шықты. 2-қабаттан 9-қабатқа дейінгі аралықтағы сыртқы қабырғаның жылытқышы өртенген. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 300 шаршы метрде өртті жедел сөндірді.
Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды.
Өрттің себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты