Үйдің бағасындай түскі ас

Үйдің бағасындай түскі ас

Жыл басынан бері облыста тамақты пеште қараусыз қалдырудың 33 жағдайы орын алды.
Құтқарушылар ескертеді: пештегі ұмытылған тамақ тұрмыстық өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі болып табылады. Қараусыз бірнеше минуттың өзі өртке және қатты түтінге әкелуі мүмкін.
Қиындықты болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
- дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдырмаңыз;
- ас үйден шығу керек болса, пешті өшіріңіз;
- сүлгілерді, қағазды және басқа жанғыш заттарды оттан алыс ұстаңыз;
- пештің үстіндегі заттарды кептірмеңіз;
-  балалардың пешпен ойнамауын қадағалаңыз
- үйден шықпас бұрын оттықтардың өшірілгенін тексеріңіз.

Егер жану немесе түтін иісі пайда болса, пешті дереу өшіріп, құтқарушыларды 112 нөміріне шақырыңыз.