
09 қараша күні кешке Глубокое ауданының Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Келген өрт сөндірушілер ашық жалынмен жанып жатқан ағаш шатыр құрылымдарын, төбелік жабындарды, қабырғаларды, жиһаздарды, тұрмыстық техниканы, жеке заттарды, үй шаруашылығының ағаш құрылымдарын, моншаны сөндіруге кірісті. Өрт көрші ғимаратқа да таралды.
Жұмылдырылған құтқарушылар күшімен жалпы ауданы 150 ш.м. өрт сөндірілді.
ШҚО ТЖД өрт көздері мен жанғыш ортаны бір-бірінен едәуір қашықтыққа бөлу арқылы өрттің туындау ықтималдығын азайтуға болатындығын ескертеді.
Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтық шегіндегі үй жанындағы жер учаскесінің аумағы, сондай-ақ тұрғын үйлер мен өзге де құрылыстарға іргелес учаскелер жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, түскен жапырақтардан, құрғақ шөптен және т. б. уақтылы тазартылуы тиіс.
Егер өрт бақыланбайтын болса, 101 және 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.