
Аққала ауылындағы тұрғын үйлердің аумағында шөп қорасында өрт шығып онда сақталған 6 тоннаға жуық шөп жанып кеткен.Өрттің шыққан себебін анықтау кезінде үй иесінің бір күн бұрын жиналған шөптің маңында қоқыстың үстіне пештен шыққан күлді төккені анықталған. Өрт шыққан күні қатты жел тұрған қоқыс қайта жанып , жиналған шөп отқа оранған. Өрттен келген шығын 70000 теңгені құрап қоймай, үй иесі қысқа жиналған мал азығынсызқалды. Биылғы жылы мал азығының өте қымбат тұратынын ескерсек ол өте үлкен шығын.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларды болдырмау үшін Көкпекті ауданының ТЖБ, пештен шығарылған күлді, арнайы өрт шығу қаупі жоқ жерге апарып төгіп, міндетті түрде үстіне су себу керектігін ескертеді.
Отпен абай болыңыздар!
Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар Бөлімі