
Шамамен бір сағат бұрын Өскеменде көп қабатты ғимаратта болған өрт кезiнде өрт сөндірушілер құтқару операциясын аяқтады. Белгілі болғандай, кіреберістердің бірінде 1-шi қабатта орналасқан тамбурда тұрған мопед пен жеке заттар өртенген. Қалың түтін үй кіреберісiне жылдам тарап кетті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірден тұрғындарды құтқаруға кірісті. Құтқару жұмысының барысында 35 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала, сондай - ақ баспалдақ марштарымен 13 тұрғын құтқарылды, оның 7 - еуi бала, 2 мүгедек, құтқарылған адамдар дереу арнайы жылы "Вахтовкаға" орналастырды. Өрт сөндірушілер өртпен күресіп жатқанда, құтқарылғандар тұрғындар жайлы жағдайда күтiп отырды. Өрт ауданы 3 шаршы метрдi құрады, өрт сөндірушiлер өртті жедел түрде сөндірді. Өрттің себебі бойынша отты абайсыз қолдану нұсқасы әзірленуде.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, ашық отқа салғырт қарауға жол бермеу қажеттігін ескертеді. Ең алдымен, сіздің үйіңіз немесе пәтеріңіз қауіпсіз екенін тексеріңіз. Кейбір әдеттерден бас тарту қажет болуы мүмкін.
Өрт болған жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты