
Шығыс Қазақстанның қатал қысы суық мезгілге мұқият және алдын ала дайындалуға мәжбүр етеді. Синоптиктердің болжамынша, ШҚО-да 2020-2021 жылғы қыс қызу болады.
Шығыс Қазақстанның құтқарушылары кез келген жағдайда жылдам шешім қабылдауы тиіс, ал олардың қаншалықты жақсы жұмыс атқаратындығын 2020 жылдың 05-06 қарашасында еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу көрсететін болады.
Біздің азаматтарға дауыл туралы ескертулер, көру мүмкіншілігі шектелуіне байланысты жолдардың жабылуы туралы ақпарат таратылады, бірақ соған қарамастан көптеген «тәуекелділер» елді мекендерден тыс жерлерге шығып кетіп, ауа райының қолайсыздығына тап болады.
Жыл сайын құтқарушылар авариялық-құтқару жағдайларына 2000-ға дейін шығулар жүзеге асырады. Оның ішінде 500-ге жуығы жетуі қиын аудандарға іздестіру-құтқару жұмыстары, таулы-тайга өңіріне, қар құрсауына түседі.
Қысқы кезеңде авариялық-құтқару операцияларын жүргізу үшін ШҚО ТЖД жарағында 150 бірліктен астам техника, оның ішінде жоғары өтімді техника бар, олар қар құрсауына неғұрлым бейім аудандарда шашыраңқы орналасқан.
Республикалық трассаларда 4 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, олар қысқы уақытта жылыту пункттері ретінде пайдаланылады. ТМҚП келесі бағыттарда орналасқан: «Өскемен – Семей» тас жолында Ұлан ауданының Привольное кентіне жақын 85 км., Аршалы ауданының «Алматы-Өскемен» тас жолында 889 км. Аршалы ауданына жақын, «Омбы-Майқапшағай» тас жолында 634 км. Бесқарағай ауданының Қарабас ауылына жақын және «Омбы-Майқапшағай» тас жолында 825 км. Суықбұлақ ауданына жақын.
Бүгінгі күні жол ұйымдары ұсынған мәліметтерге сәйкес республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 314 қар басатын учаске анықталды. Трассаларда 19 жылыту пункттері белгіленді.
Құтқарушылар қысты толық қаруланып қарсы алуға дайын, ал тұрғындарға «Дармен» тегін, мобильді қосымшасын жүктеу керек және дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпау қажет.
Төтенше жағдай туындаған кезде дереу «101» және «112» телефондары бойынша құтқарушыларға хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Анықтама үшін: жылыту пункттері 775 км «Алматы-Өскемен», 733 км «Омбы-Майқапшағай» (Семей қ-сы Широкая к-сі,7), 973 км, 1002 км және 1258 км «Қарағанды облысының шекарасы - Қайнар-Баршатас-Аягөз-Бұғаз», 528 км «Таскескен-Бақты»-128 км (Мақаншы а.), 9 км (Таскескен а.) автожолдарында орналасқан. және 78 км (Үржар ауылы), «Өскемен – Семей»46 км (Таврия ауылы), «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары»-46 км (Северное ауылы), 166 км (Алтай қ-сы), «Өскемен-Тарғын-Самар» 62 км және 109 км, «Күршім-Қалжыр»-Егендібұлақ ауылында «Ақбұлақ-Ашалы», «Теректі-Урунхайка-Тоскайын» 57 км, Марқакөл ауылында (Молдыбаев көшесі, 6), Шар қаласында (Боронбай көшесі, 2) және Шемонаиха қаласында(Восточный тұйық көшесі).