
Бүгін түнде Өскемен қаласында Ахмер кенті ауданындағы Коммунальная көшесінде жеке екіпәтерлі үйде өрт шыққан. Қонақ бөлмедегі жиһаз, түсқағаз, төбе, жеке заттары мен тұрмыстық техника өртенген. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады. Өртті барлау барысында диванның жанында еденде 1985 жылы туған пәтер иесінің күйіп кеткен денесі табылды. Өрттің себебі сөнбей қалған темекі тұқылының диванның жұмсақ бөліктері мен киімнің жануы болған. Қаза болған адамнын әпкесінің айтуынша ер адам мас болған. ШҚО ТЖД мынаны ескертеді: темекі шегу кезіндегі абайсыздық пен немқұрайлылық – өрттердің ең көп шығу себептерінің бірі.
Темекі тұқылы жанғыш материал бетіне түскенде ол жер бықсып жана береді, ал темекі қалдығы сөніп қалады, ал бықсу ошағы қолайлы жағдай туындаған кезде өртке ұласуы ықтимал. Темекіні жатып шегу өте қауіпті, әсірісе мас күйде. Темекі шегу себепті болатын өрттердің ең қауіпті өрт түрі деуге болады, себебі адамдар темекі қалдығы түскен беттің жануы кезінде бөлінген улы газдан тұншығып өледі. Бұның қаупі сонымен қатар алдын ала ескерту алмайтын өрт түріне жатады. Бұл жерде адамдардың сана-сезіміне байланысты. Өкінішке орай темекі шегушілер қарапайым өрт қауіпсіздігінің ережелеріне селқостық танытады, және осылайша өз өмірлерін қатерге тігеді:
Мыналарға тыйым салынған:
Өрт кезінде дереу 101, 112 телефондарына қоңырау соғыңыз.
ШҚО ТЖД ақпараты