Өскеменде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өтуде

Өскеменде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өтуде

2020 жылдың 5-6 қараша аралығында еліміздің түкпір-түкпірінде өтетін «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу Өскеменде де басталды. Биылғы жылы Шығыс Қазақстанғы іс-шара карантиндік шараларды сақтай отырып негізінен онлайн режимде өткізіледі. Орындардағы азаматтық қорғау  қызметтерінің, бөлімшелері мен құралымдардың, оның ішінде су құбырлары, ақаба, жылу трассалары, электр, газ желілері мен жол қызметтері бойынша авариялық-техникалық және авариялық-қалыпқа келтіру командаларының дайындығы қамтамасыз етілді. ШҚО ТЖД-да құрылған штабта авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауды үйлестіруді жедел басқару онлайн алгоритмі мен құлақтандыру жүйесі тексеріледі.

         ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов атап өткендей – аталмыш жаттығудың міндеті – облыстың құтқару бөлімшелерінің қыс маусымында дайындық деңгейін арттыру.

         Тұрғындардың табиғи апаттар мен техногендік апаттан қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты бағыт төтенше жағдайларға қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту және оларды ескерту болып қалады. ТЖ алдын алу және салдарын жою нақты күштерді және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардың өзара тығыз әрекеттестігін қажет етеді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты