Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі

     Табиғи апаттар өмірде көп кездесетін,қиын, күрделі құбылыстар. Осы апаттардың ішіндегі ең жиі кездесетін және адамның сонымен қатар басқа да тірі табиғатқа, материалдық шығынға әкелетін қауіпті апат түрі-өрт. Өрт-бақылауға келмейтін, бағынбайтын апат.

     Көп жағдайларда қарапайым халық өртті аяқ астынан, белгісіз себеппен шығады деп ойлайды. Алайда ол қате пікір. Себебі осы өрттердің көбі адамдардың өз кінісінан пайда болады.

     Жыл сайын Үржар ауданында 50-ден астам өрттер болады. Негізгі себептері адамдар отты абайсыз қолданып, өрт қауіпсіздік шараларын орындамаудан, қадағаламаудан пайда болады.

     Қазіргі кезде жылыту маусымы кезінде электрқыздырғыштарды қолдану қағидасын халыққа түсіндіру мен пешпен жылытуды қолданған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық беру өте өзекті.

   Осыған байланысты Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және ӨС-17, 54 жеке құрамымен жылу беру кезеңінде өрттің алдын алу және болдырмау мақсатында тұрғын үй секторларында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

     Үржар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді:

1)  Ақаулы электр құрылғыларын желіге қосуға тыйым салынады;

2) Қосулы тұрған электр құрылғыларын жанғыш заттар мен материалдардың жанына қоймаңыз;

3)  Бір уақытта бірнеше қуатты электр құрылғыларын желіге қосуға жол бермеңіз;

4) Ескі электр сымдарын пайдаланбаңыз;

5) Жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз!

   Жыл сайын оттан жүздеген адамдар қаза табады, сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар!

Үржар ауданынын ТЖБ-і