
Глубокое ауданының Прогресс ауылында Чапаев көшесіндегі өрт бүгін таңғы 3 кезінде болды. Үй иесі шатырдың отқа оранғанын көрген соң құтқарушыларды шқырып өрт туралы хабарлаған. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп жетісімен өртті шұғыл түрде сөндіруге кірісті. Үй шатырының ағаш құрылымдары, төбе, қабырға, терезе мен есік, жиһаз, жеке заттар, тұрмыстық техника өртеніп жатқан. Қызыл жалын қатты өршіп тұрғандығы соншалық жапсарласа салынған шаруа құрылыстары мен жеке тұрған қораға таралып кеткен.
Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілерге үйде және гаражда газ баллондарының бар екендігін хабарлаған. Қарауыл бастығы Каримов Ельнар дереу өртеніп жатқан үйге кіріп, баллонды алып шықты, осы уақытта үйге жапсарласа салынған жайдан бөлімше командирі Лантух Евгений тағы бір баллонды алып шықты. Бөлім бастығы Боровиков Андрей болса гараждағы үшінші газ баллонын далаға шығарған.
Құтқарушылардың күші және техникасының арқасында 160 шаршы метрдегі өрт ауыздықталды. Өрттің болжамды себебі – электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
ШҚО ТЖД электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы себепті өрттерді болдырмау үшін мыналарды еске салады:
Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
Өрт кезінде 101 және 112
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты