
Сергей Пинигин – ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқарушы» мекемесінің ұшқышы. Ол ұшқыш мамандығын саналы түрде таңдап, бұл абыройлы миссиясына бір сәтке де өкінген емес. Сергей Пинигин сан рет адамдарға көмекке келіп, санитарлық авиацияның көптеген рейстерін орындап, жаңа туған сәбилердің, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен азаматтардың, сондай-ақ өмірі қыл үстінде тұрған адамдардың өмірін сақтап қалды.
Шығыс Қазақстан өңірінің алуан түрлі жер бедері мен күрделі климаттық жағдайлары ұшу және құтқару операциялары барысында мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Ұшу кезінде нашар көріну жағдайында, биік таулы аймақтарда, кең су айдындарының үстімен жүзеге асырылады, ал ауа райы – 40 градусқа дейінгі аяздан бастап аптап ыстыққа дейін құбылады.
Сергей Пинигин әуе техникасының мүмкіндіктерін және өз күшін дұрыс бағалап, экипаж бен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілік алады. Ол әрдайым барлық факторларды мұқият саралап, дұрыс шешім қабылдайды.
«Мамандыққа қызығушылығыма таныстарым әсер етті, олар ұшқыштар қажет екенін айтып берді. Әскер қатарынан кейін осы салаға қызығып, оқуды аяқтаған соң 2015 жылдан бастап тікұшақтарда ұша бастадым. Кейін ТЖМ қатарына келдім. Бүгінгі таңда ұшу уақытым 3400 сағаттан асты», – дейді Сергей Пинигин.
«ТЖМ авиациясында жай ғана жақсы ұшқыш болу жеткіліксіз. Үнемі өз-өзіңді дайындап, табандылық пен мақсаткерлік таныту қажет, моральдық тұрғыдан мықты болып, төтенше жағдайларда әрекет ете білу маңызды. ТЖМ ұшқышының жұмысы – үздіксіз кәсіби жетілдіруді қажет етеді. Себебі біздің қызметімізде бірдей жағдайлар қайталанбайды, әрбір ұшу – өзінше ерекше. ТЖМ авиациясының міндеттері өте кең, төтенше жағдай аймақтарынан азаматтарды эвакуациялау, су тасқыны кезеңіндегі әуеден барлау жұмыстары, өрт қауіпті кезеңде әуеден мониторинг жүргізу және орман алқаптарындағы өрттерді сөндіру, санитарлық авиация рейстері жүргізіледі.
Экипаж командирі Пинигин екінші ұшқыш, борт-механик және инженерлерден құралған өз командасымен тығыз өзара іс-қимылда жұмыс істейді.
Сергей аспанды ерекше жақсы көреді, ал демалыс кезінде сүйікті хоббиі – балық аулаумен айналысып, күрделі тапсырмалардан бір сәтке демалады. Жұбайы мен қыздары Сергейдің осындай абыройлы мамандықты таңдағанын мақтан тұтады, дегенмен әкелері адамдарды құтқарып жүргенде оны қатты сағынады.
Сергей Пинигин – тәжірибелі, тәртіпті және жауапкершілігі жоғары ұшқыш. Бүгінде ол ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшақ экипажын басқарып, ең күрделі міндеттерді орындап келеді және өз мамандығына адал.