
2020 жылғы 28 қазанында сағат 12-де 19 м/с күшіне жететін қатты желдің салдарынан Күршім ауданы Алғабас ауылындағы Мәдениет үйінің 70 шаршы метр ауданында сыртқы қабырғалардың жабындысы мен шатырдың жұлып кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдарының комиссиясы жұмыс жүргізуде.
ШҚО ТЖД халықты желдің уытқуы туралы алдын ала ескертті.
Құтқарушылар азаматтарға аса тиянақты болып, нашар бекітілген және ескі құрылғыларға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электржелілерге жақындамауға ұсынады.
Төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда 112 телефоны бойынша жедел қызметтерге хабарлаңыздар.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты