
2026 жылғы 25 қаңтарда Өскемен қаласында Қажымұқан атындағы Жекпе-жек сарайында қоян қолтық ұрыс бойынша облыстық ашық турнир өтті. Аталған жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды:
73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орынды Шемонаиха ауданы ТЖБ-нің Шемонаиха қаласындағы №28 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Ислам Ермекұлы иеленді;
62 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орынды Глубокое ауданы ТЖБ-нің Глубокое кентіндегі №23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Медет Бекмұхамбетов жеңіп алды;
57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орынды Өскемен қаласы ТЖБ-ның №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Олжас Ерланов иеленді.
Салауатты өмір салтын насихаттау, ШҚО ТЖД қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру – өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби даярлығының ажырамас бөлігі. Қойылған міндеттерді орындауда спортшыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, лайықты нәтижелерге қол жеткізді.