Сильный ветер частично сорвал кровлю

Сильный ветер частично сорвал кровлю

Көкпекті ауданында 17 м/с жететін қатты желдің салдарынан Көкжайық ауылында 90 шаршы метр алаңда үш қабатты Көкжайық орта мектебі ғимаратының шатыры ішінара бұзылды. Ғимараттың жалпы ауданы -1600 шаршы метр. Оқиға болған кезде ешкім зардап шеккен жоқ.

ШҚО ТЖД желдің екпіні бар дауылды ескерту туралы алдын ала хабардар етті.

Қала тұрғындарын сақ болуға және үлкен ағаштардың астында қалмауға, олардың астына автокөлік қоймауға шақырамыз. Сондай-ақ, билбордтардан және басқа аспалы құрылымдардан, электр беру желілерінен мүмкіндігінше алыс болу керек. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін барынша қырағылық таныту қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлаңыз.

  ШҚО ТЖД баспасөз қызметі