ШҚО-да жыл басынан бері 10-нан астам автокөлік өрті тіркелді

ШҚО-да жыл басынан бері 10-нан астам автокөлік өрті тіркелді

Өңірде жыл басынан бері автокөліктердің жануына қатысты 10-нан астам жағдай тіркелді. Соңғы оқиғалардың бірі Ғарыш көшесінде орын алды: тұрақта тұрған 2013 жылы шығарылған автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі жанғыш бөлшектер 1 ш.м. аумақта жанған. Өрттің себебі – жоғары қауіпті агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.

Өскемен қаласының Островский көшесінде тұрақта тұрған 1998 жылы шығарылған автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі жанғыш бөлшектер 1 ш.м. аумақта жанған. Өрттің себебі – жоғары қауіпті агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.

Сәтбаев даңғылында тұрақта тұрған 2002 жылы шығарылған SKODA OCTAVIA автокөлігінің қозғалтқыш бөлігіндегі жанғыш бөлшектер мен аспаптар панелі 3 ш.м. аумақта жанған. Жылулық әсерден жанында тұрған 2015 жылы шығарылған LADA PRIORA маркалы автокөліктің артқы бампері 0,5 ш.м. аумақта зақымданған. Өрттің себебі – жоғары қауіпті агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.

Күршім ауданында, Күршім ауылында Б. Момышұлы көшесінде тұрақта тұрған Renault Magnum жүк автокөлігінің кабинасындағы жанғыш бөлшектер 1 ш.м. аумақта жанған. Өрттің алдын ала себебі – жоғары қауіпті агрегатпен абайсыз жұмыс істеу. Осы себеппен Өскемен қаласының Меновное кентінде, Шұғыла көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында автокөлік өртенген. Басқару панелінің жанғыш бөлшектері 1 ш.м. аумақта жанған.

Өскемен қаласының Согринская көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласындағы гаражда 2015 жылы шығарылған Geely MK CROSS автокөлігінің жанғыш бөлшектері, сондай-ақ қозғалтқышы бар резеңке қайық, жеке заттар мен ағаш материалдары жанған. Өрт сөндірушілер өртті жалпы 72 ш.м. аумақта сөндірді.

Облыс орталығында «Заря» бау-бақша серіктестігінің аумағында жеке тұрғын үйдің ауласындағы жекежай шатырдың ағаш конструкциялары, сондай-ақ Mazda автокөлігінің жанғыш бөлшектері жалпы 12 ш.м. аумақта жанған.

Статистика көрсеткендей, әдетте өрт қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, автокөліктің электр жабдықтары мен қоректендіру жүйелеріне салғырт қарау, сондай-ақ оларға біліксіз араласу салдарынан туындайды. Көбіне өрт қозғалтқыш бөлігінде, сирек жағдайда салонда басталады. Жекелеген жағдайларда, мысалы, қозғалыс кезінде қандай да бір мойынтірек немесе дөңгелек тұрып қалса, жану шассиден, үйкелістен басталуы мүмкін.

ШҚО ТЖД келесі ережелерді сақтауды ескертеді:
• Техникалық қызмет көрсетуден уақытылы өту;
• Магнитола, дабыл жүйесі, қозғалтқышты алдын ала қыздыру құрылғыларын тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
• Автокөліктің салонында әрдайым 2 литрлік ұнтақты өрт сөндіргіш болуы тиіс. Оның жарамдылық мерзімін міндетті түрде тексеріңіз — бұл қарапайым болса да біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін;
• Барлық электр жабдықтарының жарамдылығын қадағалау;
• Сақтандырғыштарды пайдалану және ешқашан қолдан жасалған сымды «қосылғыштарды» орнатпау;
• Қыста қатып қалған автокөлікті жылыту үшін қолдан жасалған жылыту құрылғыларын, ТЭН-дерді және ашық от көздерін пайдаланбау.

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.