Крещение түні Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 900 адам

Крещение түні Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында   900 адам

Шомылу рәсімі үшін ресми түрде 17 жерде ұйымдастырылды.

Құтқарушылар мен полицейлердің, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің бақылауымен шомылу төтенше оқиғасыз өтті. Әрбір учаскеде төтенше және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шомылушыларға бақылау орнатылды. Қатысушылар үшін алдын ала нұсқама өткізілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлығы 200 аса адам және 64 бірлік құтқарушылар техникасы, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем дәрігерлері және Апаттар медицинасы орталығы, полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Құтқарушылардың кезекшілігі бүгінгі кешке дейін жалғасатын болады.