
Глубокий ауданында республикалық маңызы бар «Өскемен – Риддер» автожолында автокөліктің бұзылуына байланысты екі азамат төтенше жағдайға тап болды. Жағдай бірнеше күн бойы өңірде қатты аяздың сақталуымен күрделене түсті.
Жолаушыларға көмекке құтқарушылар келіп, оларды ең жақын елді мекен — Өскемен қаласына эвакуациялады. Азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ, әсіресе аязды күндері, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Алыс жолға шығуды мүмкіндігінше кейінге қалдырған жөн. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.