Өскеменде шартты түрде элеватор сөндіріліп, 49 тонна ауыл шаруашылығы өнімі құтқарылды

Өскеменде шартты түрде элеватор сөндіріліп, 49 тонна ауыл шаруашылығы өнімі құтқарылды

          Өскеменде құтқарушылар элеваторда өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Сценарий бойынша, кептіру және тазарту мұнарасының 4-қабатында майлы дақылдар мен жанғыш құрылымдар өртенді. От галереяның тасымалдау таспасы бойынша сүрлемге және қоймаларға  таралу қаупі туындады. Объект кезекшісі өрт туралы хабарлама алғаннан кейін бірден «101» қызметін және элеватордың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметін шақырды, дауыс зорайтқыш байланысы бойынша персоналды құлақтандырды, өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастырды. Бірінші кезекте элеватор жұмысшыларын эвакуациялау және бүкіл ғимаратты токтан ажырату ұйымдастырылды. Қысқа мерзімде шартты өрт шыққан жерге күрделіліктің үшінші дәрежесі бойынша құтқару жасақтары келіп, күштер мен құралдарды өрістетуді жүзеге асырды. Шартты өрт болған жерде жедел штаб құрылды, оның құрамына объектінің мамандары кірді. Өрт сөндірушілер тез арада «өртті» сөндіріп, автоцистерналардан жеңдік желілерді соза бастады. Барлығы 10 бірлік арнайы техника және 40-тан астам құтқарушы тартылды, сондай-ақ сөндіруге 4 бірлік техника және элеватордың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлері тартылды. Шартты өртті сөндіру барысында өрт сөндіру бөлмесінде мұнара қызметкерлерінен зардап шеккен адам табылды, оны құтқарушылар түтін аймағынан эвакуациялап, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне алғашқы көмек көрсету үшін тапсырды.

          Кәсіби мамандардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында «өрт» жедел сөндірілді. Құтқарушылар кептіру мұнарасының галереясына өрттің таралуына жол бермеді және 49 мың тонна ауылшаруашылық өнімдерін аман сақтап қалды.

         Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының дайындық деңгейі, объектінің әкімшілігі мен қызмет көрсету персоналының іс-қимылдары «жақсы» деген бағаға бағаланды.

       «Элеваторлардағы өрттер кезінде технологиялық ойықтардың, тасымалдау таспасы және желдетудің тармақталған желілерінің көптігінен оттың тез таралуы мүмкін. Оқу-жаттығу барысында өрт, жарылыс қауіпті объектідегі жану ошағын жою бойынша іс-қимылдар, элеватордың күштерімен және құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, зардап шеккендерге көмек көрсету пысықталды", - деп түсіндірді «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Азамат Мұқашев.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты