Құтқарушы- курсанттар күнделікті өмірлері туралы әңгімелеп берді

Құтқарушы- курсанттар күнделікті өмірлері  туралы әңгімелеп берді

ҚР ТЖМ  Малік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Шығыс Қазақстан облысынан түскен курсанттар үшін күндері қызықты әрі мазмұнды өтуде.

Елнұр Серіков, Ильяс Туканов, Диас Ұнтабаев теориялық, саптық және өрт-қолданбалы дайындықтан өтуде, төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы білімді меңгеріп, құтқару жұмыстарын жүргізу тактикасын, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренуде. Сонымен қатар олар жолдастық рух пен жауапкершілікті тәрбиелеп, болашақ ТЖМ мамандары ретінде қалыптасуда.

Курсанттар қатаң күн тәртібімен өмір сүреді: таңғы тұру, дене шынықтыру,  таңғы ас, оқу сабақтары, өзіндік дайындық уақыты, спорт секцияларына қатысу.

Негізгі оқуымен қатар, жігіттер спортпен де белсенді түрде айналысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Азаматтық қорғау академиясының 3-курс курсанты Елнұр Серіков Қарағанды облысында өткен облыстық чемпионатта ерекше көзге түсті. Ол серпе көтеру жаттығуы бойынша қола медаль жеңіп алып, спорт шеберіне үміткер нормативін орындады. Сонымен қатар ұзын цикл жаттығуында III орын алды. 2025 жылғы 20 желтоқсанда Көкшетау қаласында өткен қалалық чемпионатта Елнұр өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, серпе көтеру жаттығуынан I орын алып, алтын медаль иеленді. Сондай-ақ ол серпе итеру жаттығуында III орын алып, қола медальмен марапатталды.
Диас Ұнтабаев Ақмола облысында өткен «Жас барыс» іріктеу турнирінде қарсыластарынан озып, тартысты жарыс нәтижесінде II орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.

Ильяс Туканов 78 кг салмақ дәрежесінде Қарағанды облысының ерлер арасындағы гир спортынан өткен Кубогында жоғары нәтиже көрсетті: серпе көтеру бойынша III орын, қол тіреп көтерілу және ұзын цикл бойынша II орын алды.  Сондай-ақ Көкшетау қаласында өткен жастар арасындағы ашық қалалық гир спортынан чемпионатта 73 кг салмақ дәрежесінде ескек тарту бойынша II орын иеленді. Ақмола облысында өткен мас-рестлингтен екінші чемпионатта жүлделі III орынды жеңіп алды.

Академия курсанттары толық киім-кешекпен және шәкіртақымен қамтамасыз етіледі, ең бастысы – оқу бітіргеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінде кепілді түрде жұмысқа орналасады. Академияға ҰБТ нәтижелері (бейіндік пәндер: физика, математика) және медициналық тексеруден өту арқылы қабылданады. 4 жылдық  дайындықтан кейін түлектер офицер-лейтенант атағымен бітіріп шығады.