ШҚО-да ТЖМ қызметкерлері үш адамды құтқарып, 13 тұрғынды эвакуациялады

ШҚО-да ТЖМ қызметкерлері үш адамды құтқарып, 13 тұрғынды эвакуациялады

Өскемен қаласындағы Ломоносов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенді.

Өрт орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, қауіп аймағынан 13 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Жанып жатқан пәтерден 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды.

Өрт 20 ш.м. аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, сақ болып, өрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін себептерді уақытылы жоюды ескертеді.