
ШҚО ТЖД-да өндірістік объектілердің өкілдеріне Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базасындағы инновациялар туралы айтылды.
Кездесуде ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың жаңа тәртібін түсіндірді.
Сондай – ақ «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – заң) Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде, атап айтқанда заңның 16 - бабы 3-тармағының 2-1) жаңа тармақшасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олар бойынша жұмыстарға тартылатын ұйымдар өндірістік бақылау қызметін (бұдан әрі – ӨБҚ) құруға міндетті, ол тікелей ұйымның бірінші басшысына бағынады және жеке бөлім болуы керек. Бұл «Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтерін бекіту туралы» ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 447 Жаңа Бұйрығының талабы.
ӨБҚ бірінші басшыға тікелей бағынатын қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға ғана жауап береді. Қауіпсіздіктің жалпы мәселелерін үйлестіретін қосымша лауазым болған кезде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларына қайшы келмейді.
Соңында кәсіпорын өкілдерінен келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.