
25 қазан күні сағат 00:53 шамасында Бородулиха ауданының 21-ӨСБ ББП-ға Шелехово ауылында өрт туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару бөлімшелері шақыру орнына келіп жеткенде шаруа қожалығының аумағында 100 тонна шөп өртеніп кеткен, өрт сарайдың ағаш конструкцияларына тез жайылған. Өртті сөндіру үшін 2 өрт сөндіру автомобилі және жеке құрамның 8 адамы, сондай-ақ трактор және шаруа қожалығының 5 жұмысшысы жұмылдырылды. Бірлескен күш-жігермен өрт 600 шаршы метр жалпы алаңда жойылды. Өрт кезінде сарайда 15 бас сиыр, 2 жылқы, сондай-ақ 2 трактор болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін иелері 7 сиырды шығарып үлгерді, ал келген өрт сөндірушілер жедел түрде оттан 2 бірлік тракторды оттан құтқарды.
Алайда өртте 2 жылқы, 8 бас ірі қара өлді.
Өрттің алдын-ала себебі қасақана от қою нұсқасы қарастырылып жатыр.
ШҚО ТЖД шаруа қожалықтарының басшыларына ауыл шаруашылығы техникаларын тексеру, ірі жем-шөп, шөп қоймаларының сақталуына бақылау жүргізу қажеттігін ескертеді. Қауіпсіздік шаралары үшін бірінші кезекте өрт қауіпсіздігіне жауапты басшы мен тұлғалар жауапты екенін ұмытпаған жөн.
Әдетте, ауылшаруашылық нысандарындағы өрттер ауқымды деңгейге жетеді және үлкен зиян келтіреді, бұған келесі факторлар ықпал етеді:
* үлкен алаңдарда (пішен, сабан, астық қоймалары, өнімді алқаптар және т.б. қоймалар) тез тұтанатын жанғыш материалдардың көп болуы);
* өртті кеш анықтау және хабарлау;
* өрт болған жерге өту қиындығы;
* өрт орнына тікелей жақын жерде су көздерінің болмауы;
* алғашқы өрт сөндіру құралдарының болмауы немесе жарамсыздығы;
* өрт кезінде қызметкерлердің өз міндеттерін білмеуі.
Соның салдарынан қымбат техника, егін жойылады, мал қырылады, қоймалар мен технологиялық қондырғылар толығымен жанып кетеді, орны толмас залал келтіріледі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі