Әуе рейсімен көрсетілген көмек: ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл жеткізді

Әуе рейсімен көрсетілген көмек: ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл жеткізді

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе бөлімшесінің пилоттары Сергей Пинигин мен Бауржан Бутенбаев, санавиация дәрігерлері Лариса Величко мен Айгүл Құдербаеваның сүйемелдеуімен «Ми-8» тікұшағында 1967 жылы туған науқасты Зайсан қаласынан Өскемен қаласына шұғыл жеткізді. Науқасқа арнайы мамандандырылған медициналық көмек қажет болғандықтан, әуе рейсі дереу ұйымдастырылды.

Экипаждың жоғары кәсібилігі мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде тасымалдау сәтті аяқталды. Облыс орталығына жеткізілгеннен кейін пациент әрі қарай ем қабылдау үшін медициналық мекемеге тапсырылды.

ҚР ТЖМ санавиациясының әуе рейстері қашықтықтарды қысқартып, дер кезінде медициналық көмек көрсетуге және талай адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп келеді.