Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі «Жыл үздігі – 2025» номинациясымен марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі «Жыл үздігі – 2025» номинациясымен марапатталды

 Өскемен қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Қанат Қапанов өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен екі баланы құтқарғаны үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолынан марапат алды.

Сонымен қатар, Қанат Қапанов тұрғындарға түтінге толған подъезден қауіпсіз эвакуациялануға көмектесті. Өрт 06 қараша күні болған. Қызметтен тыс уақытында Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде жүрген кезде, Қанат төртінші қабаттағы пәтерден қою түтін шығып жатқанын байқайды. Бір сәт ойланбастан, ол көмекке ұмтылады. Пәтерге кіріп, ішінде балалар бар екенін көрді. Қанат оларды таза ауаға алып шығарды. Бұдан кейін тұрғындарға қауіп туралы ескертіп, өрт сөндірушілер келгенше адамдардың жедел эвакуациялануына көмектескен.

«Мен бала кезімнен өрт сөндіруші болуды армандадым. Адамдарға көмектесе алатыныма қуаныштымын», – деді азаматтық қорғау аға сержанты Қ. Қапанов. Құтқару қызметі өзгеге көмектесуді міндет емес, өмірлік ұстаным деп білетін осындай жандарға сүйенеді.