Жүкті әйел шұғыл түрде МЧС «Қазавиаспас» тікұшағымен медициналық мекемеге жеткізілді

Жүкті әйел шұғыл түрде МЧС «Қазавиаспас» тікұшағымен медициналық мекемеге жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласынан Өскемен қаласына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жүкті әйел жеткізілді.

МЧС «Қазавиаспас» қызметінің тәжірибелі ұшқыштары Сергей Пинигин мен Леонид Калеканов санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Кудербаева, Марат Куксигенов және Антон Волковтан құралған бригаданың сүйемелдеуімен ұшу барысында қауіпсіз тасымалдауды және қажетті медициналық көмекті қамтамасыз етті.

Шұғыл медициналық рейстер барлық қатысушылардан жоғары кәсіби дайындық пен үйлесімді жұмысты талап етеді. Жедел әрі нақты әрекеттердің арқасында пациент Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.