
Өскемен қаласында Добролюбов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері қауіпті аймақтан 5 адамды жедел эвакуациялады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 28 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрт кезінде жиһаз бен жеке заттар жанған.Өртті сөндіру барысында тұрғындардың үй жануарлары да қауіпсіз жерге шығарылды.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері 1941 ж.т. қарт әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізді.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.