
Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысындағы «BATYR TEAM KIDS» спорт клубының филиалы ашылды.
Қолма-қол ұрыс тәсілдерін үйрету және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға арналған секция болашақ ұрпақты спортқа баулуға мүмкіндік береді. Әрбір ниет білдірген бала осы жерде өз чемпиондық жолын бастай алады.
Бүгін қолма-қол ұрыс секциясының ашылуына балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, оларға сыйлықтар табысталды. Олар үшін сабақтарға қатысу тегін негізде ұйымдастырылады.
Клубтың ашылуына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Фархат Амре және «Batyr team» спорт клубының атқарушы директоры Әділ Қайрбаев қатысты.
Балаларды жаттықтыру және даярлау жұмыстарын ШҚО ТЖД қызметкері, жекпе-жектен әлем чемпионы Ерзат Сағабанов жүргізетін болады.
Болашақта жас спортшылар құтқарушылар қатарына қосылып, Отан игілігі жолында қызмет ете алады.