Шығыс Қазақстан облысында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштарының көмегі қажет болды

Шығыс Қазақстан облысында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштарының көмегі қажет болды

Кішкентай балаға шұғыл медициналық көмек қажет болды. Оны Алтай қаласынан облыс орталығына жеткізу үшін тәжірибелі санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Антон Волков МИ-8 тікұшағымен ұшып шықты. «Қазавиақұтқару» ҚР ТЖМ тікұшағын ұшқыштар Руслан Агламбеков пен Леонид Калеканов басқарды.
Ұшу барысында ұшқыштар тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, дәрігерлер науқастың жағдайын үздіксіз бақылап отырды.
Маңызды тапсырма жедел әрі сәтті орындалып, сәби Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Адам өмірін құтқару – ТЖМ ұшқыштарының басты міндеті. Санитарлық авиацияның мұндай рейстері қажетті медициналық көмекті уақытында көрсетуге мүмкіндік береді.