
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында 3-ші шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Пәтер ішінде жиһаз бен жеке заттар жанып, кіре беріске қалың түтін тарады. ТЖМ қызметкерлері түтін аймағынан 5 адамды құтқарды - сондай-ақ жақын маңда болған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де көмек көрсетті.
17 тұрғын шұғыл қызметтер келгенге дейін түтінді кіреберістен өздігінен көшеге шықты.
Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.