Маңызды мәселелерге назар аударту

Маңызды мәселелерге назар аударту

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы және «Адам құқықтары күні» аясында ШҚО ТЖД-де «ШҚО Діни мәселелерді зерттеу орталығы» теологы Ринат Назарбековтың, сондай-ақ Өскемен қаласы полиция басқармасының аға инспектор-психологы Жанар Сабиттің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жеке құрамға түрлі мәселелер мен күйзелістерді қалай түсіну, мамандардың көмегін қайдан және қалай алуға болатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында презентация арқылы суицидтік бағыттылықтың негізгі белгілері, олардың байқалуы мүмкін жағдайлар және ерекше назар аударуды талап ететін жайттар түсіндірілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптар көтерілді: мәдениетаралық діни сауаттылық, әлеуметтік бірлік, сондай-ақ жауапты азаматтық тұрғыдағы діни бостандық, әйелдердің құқықтары және адами қадір-қасиет мәселелері.

Өскемен қаласы полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ерекше бөлімінің аға инспекторы Зарина Алимжанова  өз сөзінде зорлық-зомбылық қоғамдағы ең кең таралған әлеуметтік проблемалардың бірі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер, қоғам және медиа арқылы кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерін эмпатия, коммуникация және алғашқы психологиялық қолдау көрсету дағдыларына үйретуге баса назар аударылуда. Бұл әрбір әйел өзін мемлекет қорғай алатынын сезінуі үшін маңызды.

Мұндай іс-шаралар зорлық-зомбылық мәселелері туралы хабардарлықты арттыруға, құқықтық сауаттылықты күшейтуге және суицидтің алдын алу жұмыстарына ықпал етеді.