
ШҚО ТЖД спорт манежінде бүгінде "Жас құтқарушы" орталығының басшысы Е. Ф. Шатурныйды еске алуға арналған жарыстар басталды. Қатысушылардың алдында қарапайым кезеңдерден өту максаты тұрды. Командалар алғашқы медициналық көмек көрсету, жәбірленушіні тасымалдау, өртте-құтқару эстафетасы, кедергілерді еңсеру және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларында күресті.
Жарыс қызықты өтті. "Осындай оқушылармен, іс-шаралар біздің Департаментте дәстүрге айналған. Жас құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде мінез-құлық дағдылары мен ережелер деңгейін жоғары дәрежеде дәлелдеді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Эльдар Шаймарданов.
Жас құтқарушылардың 13 командасы арасында өрбіген қызу күресте, № 29 мектептің балалары жеңіске жетіп Гран-приге ие болды. Бірінші орын № 37 мектеп жане 39 мектеп командаларына, бірдей балл жинағандары үшін, екінші орын №22 мектеп, үшінші орын – №16 орта мектеп оқушыларында калды.
Жас құтқарушылардың жарыстары құтқарушылар мамандығына деген қызығушылықты оятады, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға, ең бастысы балалармен болған оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.