
ШҚО-ның Ұлан ауданында, Сагыр ауылынан 10 км қашықтықта ер адам көлігімен қыстаққа бара жатқан жолда қар құрсауында қалып қойған.
Қар құрсауында қалған адамға құтқарушылар көмекке келді. Олар жоғары өтімді техникамен қарға көміліп қалған учаскеге жетіп, жолаушыны Өскемен қаласына эвакуациялады. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарды ауа райының қолайсыздығы кезеңінде елді мекендерден шықпауға шақырады.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарлау қажет.