
Бүгін Өскемен қаласында, Промышленная көшесінде, қорғасын зауытының аумағында жеке тұрған ғимаратта тасымалдау лентасы өртенді.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері өртті 106 ш.м. аумақта сөндірді.
Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 4 оттегі баллоны шығарылды, бұл жарылыс қаупін болдырмады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады.