Әр үйге – қауіпсіздік

Әр үйге – қауіпсіздік

ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, өрт немесе көміртегі тотығынан улануға әкелуі мүмкін жағдайларды түсіндіру мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.

Үй-жайларды аралау барысында көбінесе пештер мен электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбауға байланысты бұзушылықтар анықталды. Құтқарушылар «Біріккен Энерго Қызмет Көрсету компаниясы» маман-электриктерімен бірлесіп, электр сымдарын қалай жөндеу керектігі жөнінде кеңес берді, сондай-ақ пеш мұржаларын дер кезінде тазалап тұрудың және жарықтарды жоюдың маңыздылығын түсіндірді. Профилактикаға волонтерлер де белсенді қатысты.

От жағу маусымы басталғалы ТЖ қызметкерлері 26 000-нан астам тұрғын үйді аралап, шамамен 11 000-ға жуық бұзушылықты анықтады. Маман кеңестері нәтижесінде көптеген кемшіліктер сол жерде жойылды.

Ерекше назар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға бағытталды.

Аталған іс-шаралар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, өрттердің алдын алуға және адам өмірін құтқаруға бағытталған.