Өзекті мәселелер қаралды

Өзекті мәселелер қаралды

ТЖД газ тұтынушы жүйелерінің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету және газ тұтынушыларын қорғау мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары газ тұтынушы жүйелерін және газ шаруашылығы объектілерін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сондай-ақ газ тарату жүйелері мен сұйытылған газ жүйелерінің техникалық қызмет көрсетуі үшін жаңа аттестаттың қажеттілігі жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестациялау ережелері және газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары туралы түсініктемелер ұсынылды, олар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің хаттамалық шешімдерін іске асыру шеңберінде жүргізілуде және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық талаптарының орындалуын, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыс кездесулері форматы өзекті мәселелерді уақытылы анықтауға мүмкіндік беріп, газ шаруашылығы объектілері мен газ тарату жүйелерінде апаттар мен инциденттердің алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді.