
Құтқарушылар су аудындарындағы қауіпсіздіктің алдын-алу жұмыстарын күшейті. Жұқа мұз әлі тұрақты емес, бірақ балықшылар мұздың жұқалығынан қорықпайды, өздерінің өмірлерін қауіпке тігіп мұз үстіне қайта-қайта шығады. Ұлан ауданында құтқарушылар қауіпті су учаскесінде мұздың үстінде құтқару кеудешесінсіз және құралдарынсыз азаматтарды анықтады.Бұзушылықтарды жасаған 4 адам Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы “Кодексінің 412 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аймақта құтқарушылар 150 қауіпсіздік рейдттерін өткізді.
Құтқарушылар тұрғындардан қырағы болуларын сұрайды.Жұқа мұз бетіне шықпаңыздар. Ешқандай балық ұстау өміріңіздің құнына жетпейді.
ШҚО ТЖД ескертеді:
Адамға қауіпсіз мұз қалыңдығы 10сантиметрден кем болмауы керек.
Мұз бетіне қараңғы уақытта және көру мүмкіндігі аз уақытта шығуға болмайды.
Мұздың үстіне шығу үшін сізде міндетті түрде құтқарғыш кеудеше,ысқырық болуы керек.2 метр таяқ пен 12 метр ұзындықтағы арқан суға батып бара жатқан адамды құтқаруға көмек береді.
Мұз астында құлап кетсеңіз сізге шығу үшін қармауыштар қажет болады.
Мұз үстінде ешқашан ішімдік ішкен күйде шығуға болмайды.
Ата-аналар балаларыңызға мұздың үстіне шығудың қауіптілігін түсіндіріңіздер.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмері бойынша хабарласыңыздар.